Күміс қапсырма
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Күміс қапсырма жапырақ пішінінде орындалған. Бұйымның екі бүйірінде жалғастырушы бөлшектерді немесе салпыншақтарды бекітуге арналған жеті ілмек орналасқан. Негізгі пластина композициялық тұрғыдан үш бөлікке бөлініп, тұмарша сипатындағы өрнекпен безендірілген. Өрнек бұралған сызықтардан құрастырылып, нәзік филигрань және зерлеу тәсілдері арқылы орындалған. Жоғары сынамалы күмістен жасалған бұйымның жеңіл әрі ажурлы құрылымы зергерлік шеберліктің жоғары деңгейін көрсетеді. Экспонат XIX ғасырдағы дәстүрлі әйелдер киіміне қатысты күміс әшекейлердің көркемдік және функционалдық ерекшеліктерін танытады.
Мерзімі: XIX ғасыр
Материалы: 925 сынамалы күміс
Техникасы: Қалыптау, оттиск, филигрань, зерлеу
Өлшемі: Ұзындығы - 5 см; ені - 6 см; салмағы - 26 г