Арабша жазуы бар күміс бойтұмар
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұйым тікбұрышты пішінді күміс бойтұмар қорабынан тұрады. Корпус ілмелі шынжырмен және сақина тәрізді бекіткішпен жалғасқан. Төменгі бөлігінде шынжырларға қосымша салпыншақтар мен сәндік элементтер бекітілген. Бойтұмардың алдыңғы беті өрнектік композициямен безендіріліп, орталық бөлігіне алтынмен орындалған арабша жазу орналастырылған. Күміс корпустың сәндік безендірілуі гравюра техникасымен орындалған. Алтын мен күмістің үйлесуі бұйымның көркемдік шешімін айқындайды. Экспонат XX ғасырдағы дәстүрлі зергерлік өнердің діни-амулеттік бағытынан мәлімет беретін, сакралдық мәтін мен сәндік метал өңдеу тәсілдерін біріктірген мәдени мұра үлгісі болып табылады.
Мерзімі: XX ғасыр
Материалы: 800 сынамалы күміс, алтын
Техникасы: Құю, гравюралау
Өлшемі: Ұзындығы - 18 см; салмағы - 178 г