Дәстүрлі ағаш үзеңгі (ер-тұрман жабдығы)
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Дәстүрлі ағаш үзеңгі (ер-тұрман жабдығы) -ер тұрман әбзелдері жиынтығына жататын зат. Қолдан ағаштан иіп жасаған қолөнер. Ердің екі қапталына қайыс бау арқылы тағылады. Екі қабырғасының жоғарғы жағында таралғы өткізетін тесігі бар, ал аяқ киімнің табаны тұратын жері тұтас сопақша болып келген. Жәдігер иілген тұтас ағаштан жасалған, пішіні алмұрт тәріздес дөңгеленіп келген. Төменгі табан басатын бөлігі (үзеңгі табаны) жалпақ әрі берік. Үзеңгінің екі бүйір доғасы жоғары қарай жіңішкеріп, бір-бірімен түйіскен. Жоғарғы басында үзеңгі бауды (қайыс белдікті) өткізуге арналған төртбұрышты тесігі (уағы) бар. Түйіскен тұсы ағаш шегелермен және кейінгі кезеңнің металл бекіткіштерімен бекітілген. Ағаш бетінде қолданыстан қалған табиғи тозу белгілері мен қоңыр-қою түсті патина (көнеру іздері) бар. Материалы: Тұтас қатты ағаш (қайың немесе үйеңкі), металл (бекіткіш шегелер/бұрандалар).Жасалу технологиясы: Ағашты булап-кептіру, ию (ию өнері), жону, құрастыру, сыртын маймен немесе арнайы затпен өңдеу.Көшпенділер мәдениетінде ағаш үзеңгінің маңызы жоғары болған. Темір үзеңгіге қарағанда ағаштан иілген бұйымдар жеңілдігімен және ең бастысы - қысқы суықта аяқты тоңдырмайтын жылылығымен ерекшеленген. Бұл жәдігер қазақ халқының дәстүрлі ағаш өңдеу (ию) кәсібінің және ат әбзелдерін жасау өнерінің жарқын үлгісі болып табылады.
Мерзімі:XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың бірінші жартысы (1880-1940 жылдар аралығы)