Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Керосин шамы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Керосин шамы. (Керасинді шам, халық тілінде - «Летучая мышь»)
Бұл жәдігер ХХ ғасырдағы электрлендіру дәуіріне дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі халықтың тұрмыстық мәдениетін, үйді жарықтандыру жүйесінің даму тарихын сипаттайды. «Летучая мышь» типті шамдар жел мен жаңбырға төзімді арнайы конструкциясының арқасында тек үй ішінде емес, далада (мал шаруашылығында, күзетте, жол жүргенде) кеңінен қолданылды.
Жәдігер зауыттық тәсілмен жасалған, қою көк (немесе көгілдір) түске боялған қаңылтыр корпусты керасин шамы. Шамның орталық бөлігінде білте мен отты қорғап тұратын мөлдір, алмұрт пішінді шыны колбасы бар. Шыныны сыртқы соққылардан қорғау үшін сымнан жасалған арнайы қорғаныс торы орнатылған.
Конструкцияның жоғарғы жағында түтін шығатын тесіктері бар қақпақша (дефлектор) және тасымалдауға немесе іліп қоюға арналған металл тұтқасы (дужка) бекітілген. Төменгі бөлігінде жанармай (керасин) құюға арналған бұралатын қақпағы бар тұрақты дөңгелек резервуар орналасқан. Бояу қабаты жақсы сақталған, металл бетінде аздаған сызаттар мен пайдалану іздері бар.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ.
Материал: Металл
Техника: Зауыттық өнім
Санат: Техника және аспаптар
Scroll to Top