Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Киік (ақбөкен) мүйізінен жасалған тұмар-тұғыр

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Мүйізден жасалған бойтұмар (немесе сәндік бұйым)
Бұл бұйым қазақ халқының тұрмысында сәндік немесе бойтұмар ретінде қолданылған. Мұндай заттар көбіне тұрмыстық құралдарға әшекей, немесе жол амандығы мен көз тиюден сақтайтын бойтұмар ретінде көліктерге, үйлерге, киіз үйге ілінген. Кейде ер-азаматтар белдікке немесе киімге тағып жүрген.
Табиғи материалдан жасалған мұндай бұйымдар - экологиялық таза әрі дәстүрлі қолөнер шеберлігінің үлгісі.
Ұзынша, ирек пішінді бұл бұйым - жабайы тау теке немесе киіктің табиғи мүйізінен жасалған. Мүйіздің үстіңгі бөлігінде тесік ойылып, қайыс бау өткізіліп, ілуге ыңғайлы етіп жасалған. Беті толық өңделгенімен, табиғи бедерлері сақталған. Мүйіздің түсі сарғыш-қоңыр, біртіндеп ұшына қарай ашық түске өтеді.
Мүйіз бойтұмар ретінде, сондай-ақ көне наным-сенім бойынша адамның жолын, үйдің берекесін күзететін қорғаныштық нышан ретінде қолданылған. Қазақ халқының түсінігінде мүйіз - малдың құты, байлықтың белгісі.
• Материалы: Табиғи ақбөкен мүйізі, қайыс (былғары) бау.
• Сыртқы сипаты: Мүйіздің өзіне тән табиғи сарғыш-қоңыр (январь) түсі, бунақты-жүзді (сақиналы) бедерлері сақталған. Мүйіздің түп жағынан арнайы тесік үңгіліп, қабырғаға немесе керегеге ілу үшін берік былғары таспа (бау) өткізілген.
• Қорғаныш қасиеті (Тұмарлық мәні): Қазақ халқы ақбөкенді киелі аң санаған. Оның мүйізін үйдің төріне, босағасына немесе жас нәрестенің бесігіне тіл-көзден, пәле-жаладан, жын-шайтаннан қорғайды деген сеніммен іліп қоятын болған.
• Дала символы: Сайғақ - қазақ даласының ежелгі тотемі әрі еркіндіктің нышаны. Оның мүйізінен тек тұмар ғана емес, сонымен қатар қамшының сабы, пышақтың сабы немесе түрлі сәндік бұйымдар да жасалған.
Нұра кентінің тұрғыны М.Қанапиянова сыйға тартты.

Материал: Сүйек
Техника: Оюлау, Өңдеу, Тесу, оймалау
Өлшемі: ұзындығы - 25 см.
Санат: Сүйек және мүйіз, Этнография
Scroll to Top