Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Акуланың тістері

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Экспонат ежелгі акулалардың табиғи жолмен сақталған қазба тістерінің жиынтығынан тұрады. Тістері үшбұрышты, жалпақ пішінді, ұшы үшкір, жиегі аздап тісті немесе тегіс болып келеді. Беті минералдану үдерісінің нәтижесінде тастай қатайып, бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған. Түстері сарғыш, қоңырқай және сұр реңктерде кездеседі, бұл олардың жатқан геологиялық қабаттарының құрамына байланысты қалыптасқан. Кейбір үлгілерінде табиғи қажалу мен мүжілу іздері байқалады. Экспонат ежелгі теңіз жануарларының эволюциясын, палеонтологиялық ерекшеліктерін және өңірдің геологиялық тарихын зерттеуде маңызды ғылыми дерек көзі болып табылады.
Мерзімі: ХХ ғасырда табылған
Материалы: табиғи дентин, эмаль
Техникасы: табиғи түзілім
Өлшемі:
ұзындығы - 2,3-4,7 см;
ені - 1,2-3,0 см;
қалыңдығы - 0,5-1,3 см;
салмағы - 0,1-10,8 г.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғасыр
Материал: Табиғи тастар
Техника: Өңдеу
Өлшемі: 2,3-4,7 см
Санат: Палеонтология
Scroll to Top