Жылы күн
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Авторы: Қаламғалиев Аян. 1941 ж.т.
Туындыда қыс мезгіліндегі ауыл пейзажы бейнеленген. Композицияның алдыңғы жоспарында қар жамылған жол мен жапырақсыз ағаштар орналасқан. Сол жақ бөлікте қоршау мен ағаштардың арасынан ауыл үйлері көрінеді. Композицияның тереңдігі көкжиекке қарай созылған жол арқылы берілген. Колоритінде ақ, көгілдір, сұр және қоңыр реңктер үйлесім тауып, шуақты қыс күнінің тыныш атмосферасын жеткізеді. Туынды пейзаж жанрында орындалған.
Мерзімделу кезеңі:
1983 г.
Материал:
Кенеп
Техника:
Майлы бояу
Өлшемі:
28 х 20 см.
Санат:
Бейнелеу өнері