Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қала құрылысы

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Авторы: Қаламғалиев Аян. 1941 ж.т.
Туынды қала пейзажы жанрында орындалған. Композицияның алдыңғы жоспарында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңы бейнеленген. Ғимараттың екі жағында мұнаралы құрылыс крандары орналасқан. Артқы жоспарда көпқабатты тұрғын үйлер мен бұлтты аспан көрініс тапқан. Композиция қаланың қарқынды құрылыс үдерісін бейнелейді. Колоритінде көгілдір, сұр, ақ, қоңыр және қызғылт реңктер басым.

Мерзімделу кезеңі: 1983 г.
Материал: Картон, Кенеп
Техника: Майлы бояу
Өлшемі: 28 х 20 см.
Санат: Бейнелеу өнері
Scroll to Top