Киноаппарат (диапроектор) УПА-603, КСРО
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
УПА-603 - КСРО-да шығарылған кино және фотоматериалдармен жұмыс істеуге арналған оптикалық-механикалық құрылғы. Экспонаттың корпусы сұр түсті металлдан жасалған, құрамында пластик бөлшектер, объектив, бағыттаушы механизм және электр сымы сақталған. Мұндай құрылғылар фотозертханаларда, оқу орындарында және мәдени-ағарту мекемелерінде кеңінен пайдаланылды. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік оптикалық техника өндірісінің дамуын сипаттайтын құнды техникалық мұра болып табылады. Сақталу деңгейі жақсы, негізгі құрылымдық бөлшектері толық сақталған.
Мерзімделу кезеңі:
1980
Материал:
Пластик, Темір
Техника:
Басқа, Зауыттық өнім
Өлшемі:
23,5 × 13,5 × 42,5 см
Санат:
Техника және аспаптар