Қапшық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қапшық.Оқ-дәрі салуға арналған былғарыдан жасалған шағын дорба. Бұндай бұйымдар ХІХ ғасырдағы жауынгерлік және аңшылық мақсатта жиі қолданылған. Қапшықтың қалтасы тығыз былғарыдан тігіліп, беріктігін арттыру үшін екі қапталы жұқа темірмен шегелене бекітілген. Астыңғы жағы да темір және қаңылтырмен нығайтылып, үш жерден шегемен ұстатылған.
Қапшықтың ауыз жағын жауып тұратын былғары бөлігі 3 см жалпақтықта темірмен қапталып, алты шегемен бекітілген. Бауы тағылатын жоғарғы бөлігінде екі доғабас темір орнатылып, оған темір шығыршық және ұзындығы 15 см қайыс бау бекітілген.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в.
Материал:
Былғары, Металл
Техника:
Илеу
Өлшемі:
высота-7 см, ширина-9,5 см, внутренняя глубина-3 см
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар