Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль куәлігімен

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

И.Е. Смоленскийге КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл, диаметрі 32 мм дөңгелек пішінді жезден жасалған, беткі жағында жоғарыға ұмтылған ракеталар мен ұшып бара жатқан әскери ұшақтардың аясында қолында автомат ұстап тұрған Кеңес Армиясының сарбазы бейнеленген. Сарбаздың оң жағында теңіз горизонтында сүңгуір қайық, оның үстінде 2 қатар «1918» және «1978» жазулары бар.Сыртқы бетінде шеңбер бойымен жұлдызбен бөлінген “Шестьдесят лет” және “Вооруженных Сил СССР” жазулары бар. Ортасында - бесбұрышты жұлдыз, оның үстінде - винтовка мен қылыштың үстіне қойылған балға мен қол орақ бейнеленген.Барлық жазулар мен суреттер бедерлі. Медаль шеттері ернеумен жиектелген құлақша мен шығыршық арқылы сұр түсті жібек муар лентамен тартылған. Лентаның ені 24 мм Лентаның шеттері ені 5 мм қызыл түсті жолақтармен жиектелген, лентаның ортасында ені 1 мм алтын түстес жолақ бар.

Мерзімделу кезеңі: 1978 ж.
Материал: Металл
Техника: Қалыптау
Өлшемі: d -32 мм.
Санат: Металл
Scroll to Top