Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қағазға арналған тұғыр

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың жеке пайдаланған кеңсе бұйымдарының бірі болып табылады. Тұғыр мөлдір пластмассадан жасалған - кеңсе үстелінде қағаздарды ұқыпты орналастыруға арналған кеңсе заты. Тұғырдың негізгі корпусы U-тәрізді немесе жартылай доғалы болып келеді. Алдыңғы және артқы қабырғаларының жоғарғы бөлігі ішке қарай иілген (ойық), бұл ішіндегі қағаздарды немесе құжаттарды қолмен оңай ұстап, алуға өте ыңғайлы. Қабырғаларының сыртқы беті тік сызықтармен (қырлы бедермен) өрнектелген. Төменгі бөлігі жалпақ, тұрақтылықты қамтамасыз ететін тұғыршаға бекітілген. Жалпы пішіні ықшам, жеңіл әрі қолдануға ыңғайлы.

Мерзімделу кезеңі: 1957 ж.
Материал: Пластмасса
Техника: Құю
Өлшемі: 14 х 11,5 см.
Санат: Канцелярлық тауарлар
Scroll to Top