Қол сөмке
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Нұрмолда Алдабергеновтың жеке пайдаланған тұрмыстық заты. Саквояж арнайы іссапарларға, жиналыстарға және алыс сапарларға қажетті құжатар мен заттарды алып жүруге арналған. Саквояж - сапалы, берік материалдан жасалған қол сөмкесі. Пішіні тікбұрышты, көлемі орташа. Кең ішкі бөлімі заттарды жинауға өте ыңғайлы. Қатты қаңқасы пішінін сақтайды. Жабылуы металл құлыппен немесе магниттік механизммен жүзеге асады. Қолға ұстауға арналған қысқа тұтқасы бар.
Мерзімделу кезеңі:
1953 ж.
Материал:
Металл
Техника:
Қалыптау
Өлшемі:
42 х 19 х 17 см.
Санат:
Әбзел, былғарыдан жасалған бұйымдар