Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Ақ басқұр

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ақ басқұр - ақ түсті, алуан түрлі өрнектері бар тоқылған жолақ. Бұл бұйым киіз үйдің керегесін бекітуге арналған. Негізі - ақ мата, оған әртүрлі қызыл реңктермен түкті тоқу әдісі арқылы өрнектер түсірілген. Негізгі өрнектері - ішіне «қосмүйіз» және «қошқармүйіз» салынған «шаршы» өрнегі. Олар «тұмарша» тәрізді симметриялы геометриялық өрнектермен жиектелген. Жолақ бойында «сыңар мүйіз», «сыңар өкше» және ұсақ өрнектер кездеседі. Жасыл, сары, қара, қоңыр түсті «гүл ою» (гүл тәрізді өрнек) бар. Орталық бөлігінде «Григорий, Мұхамбет, Болатбек» деген жазулар бар.

Мерзімі: 1964 ж.
Материалы: жүн
Өлшемі: 36 х 1420 см

Материал: Жүн
Тақырып: Суреттер мен кескіндеме

Сақталу жағдайы

Жарамды

Scroll to Top