Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Ритон

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ритон.
Күмістен жасалған, төрт жерде алтын жапсырмалары бар (2,5х0,5см; 1х0,5х0,3см; 0,7х0,4см; 0,4х05см).
Тұрқы қысқа мүйіз пішіндес, аузы жалпақша түтіктің малдың алдыңғы денесіне ұқсаған төменгі ұшы сүйірлене біткен. Малдың кеуде тұсына бұқаның басы тәрізді құйма орнатылған. Дененің төменгі бөлігі ғана сақталған, ал басы орналасқан үстіңгі жағын түтіктің аузымен бірге жоғалып қалған тәрізді. Түтіктің жоғары жағына жолақ өрнек жүргізілген, оның тегіс жерлеріндегі кейбір суреттер сол қалпында сақталыпты.Бедерлі өрнектерден бүркіт-арыстан бейнелі жыртқыш аяқтарының төменгі жағы анық көрінеді, сәл оңға қарай, жолақшаның жіңішке тегіс бөлігінде тұяқтарын бүгіп тұрған теке сұлбасы бейнеленген. Текенің аяғының ұшы әлдебір жыртқыштың аузына ілінген тәрізді, оның басы түтіктің жолақ өрнекпен жалғасқан жазық тұсынан ішінара көрініп қалады. Б.д.д. V ғ. Долинное аулы. Кездейсоқ табылған. Тракторшы Давлатов көктемгі егін егу жұмыстары кезінде тапқан.

Материал: Күміс
Санат: Археология
Scroll to Top