Қорамсақ жебесімен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қорамсақ - қол жұмысы арқылы өңделген теріден жасалған дәстүрлі бұйым. Бөліктері жеке пішіліп, құрастырылып тігілген. Алдыңғы бөлігі тік, түбі доғал, артқы жағы сәл иілген. Сырты терімен қапталып, алюминийден ойылған қазақы ою-өрнекпен безендірілген. Белдікке тағуға арналған екі қайыс бауы бар. Қорамсақта үш жебе сақталған: біреуінің ұшы жұмыр, екеуінің ұшы үшкір. Жебелер ағаш сапқа бекітіліп, жіппен оралған, біреуіне құс қауырсыны орнатылған.
Мерзімделу кезеңі:
2013 ж.
Материал:
Ағаш, Синтетикалық былғары
Техника:
Тігу
Өлшемі:
ұз. - 55 см; табанының ені-14,5 см; ернеуінің ені - 13 см. 1) ұз. - 76 см; d - 3,5 см2) ұз. - 75,5 см; d - 3,5 см 3)ұз. - 74,5 см; d - 4 см.
Санат:
Қару-жарақ