Сәндік құмыра
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сәндік құмыра Социалистік Еңбек Ері Шаблан Ділдабековке тиесілі. Оны қыздары әкесінің мерейтойына орай сыйға тартқан. Құмыра металлдан (мыс немесе жез) жасалып, беті лакпен жылтыратылған. Пішіні ұзын, жіңішке мойынды, түбі кеңейген. Беті қызыл, жасыл және алтын түсті гүлді өрнектермен безендірілген. Қою түсті негізге салынған өрнектер ұлттық және шығыс нақышындағы сәндік өнер үлгілерін көрсетеді.
Мерзімделу кезеңі:
1983 ж.
Материал:
Бояу, Мыс
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
64х14,5 см.
Санат:
Сәндік-қолданбалы өнер