Қоңырау
Мектептің қоңырауы тәрізді формада, жоғарыда жапсырмалы құлақшасы бар, түсі алтын түстес.
Қазан – ұзақ пайдалану мақсатындағы арқандар мен ауларды қайнатуға және майлауға арналған үлкен көлемді шойын қазан.
Ағаштан жасалған ұзынша қорап, құпия құлыппен жабылған қақпағы бар. Үш жағында ою-өрнек ойылған, cонымен қатар араб шрифтімен жазу бар.
Мыс құман – қолға су құюға арналған, мыстан жасалған тұтқалы, қақпақты және шүмекті сопақша ыдыс. Қақпағы жоқ, табаны кең.
Асқабақтұқымдас қауақшадан жасалған ыдыс, лакпен сырланған. Ыдыс кептірілген асқабақтан оймалау техникасымен жасалған. Түсі қоңыр.
Мүштік – темекі тартуға арналған, цилиндр пішінді керамикалық түтікше, сәл иілген және ұшында кеңейтілген бөлігі бар, түсі ақ.
Тіс тазалағыш жеңіл металдан жасалған. Пішіні үш бөлікті жапыраққа ұқсайды: бөліктерінің ұштары дөңгелектенген, жиектері ирек жиекпен көмкеріліп, өзіндік өрнекпен безендірілген.
Қайшы қап тігін бұйымдарына қажетті құралдарды сақтауға арналған этнографиялық бұйым. Пішіні сопақша. Қайшы қаптың негізгі бөлігі сұр киізден жасалып, қызыл
Кең түпті және жіңішке мойынды фарфор ваза, бедерлі қызыл раушан гүлдері мен жасыл жапырақтарымен безендірілген. Төменгі бөлігінде алтын түсті жазу