Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Қару

Бұйда пышақ қынымен

Жақын ұрыста кесуге, тілуге арналған суық қару түрі. Бір жүзді ұшы сәл жоғары қарай иілген. Сабы ағаштан жасалған. Қыны теріден

Жебе ұшы

Жалпақ, ұштары үшбұрышты немесе ромб пішіндес болып келетін бұл жебе ұштарының артқы жағы сапқа бекітуге арналған ұзын өзекше түрінде жасалған.

Жеңсе

Қазақ жауынгерінің дәстүрлі қорғаныс жарақтарының бірі. Жауынгердің білегін қылыш, найза және басқа да қару соққыларынан қорғау үшін екі қолға тағылған.

Жеңсе

Жарақ түрі. Қазақ жауынгерлері шайқас кезінде түрлі жарақаттардан қорғану үшін екі білекке киген. Бір біріне топсалар арқылы жалғасқан үш бөлікті

Шарайна

Қазақ жауынгерінің дәстүрлі қорғаныс жарақтарының негізгі элементтерінің бірі. Жауынгердің кеуде және арқа тұсын түйреу, кесу және шабу соққыларынан қорғауға арналған.

Дулыға

Әскери қорғаныс бас киімі, жарақтың бір бөлігі. XVIII ғасырдың басына дейін қолданылған. Ақ түсті металдан төбесі сүйірлене жасалған. Маңдайшасына ұрыс

Қанжар

Қанжардың екі жүзі де өткір, қимасынан қарағанда ромб тәрізді. Кесектеу сап ұшының қырлары дөңгелектелген. Қасқырға ұқсас жануардың бетәлпеті бедерленген, балдағының

Қанжар

Қос жүзді, ұшы үшкір, ежелгі қола қанжар. Сабы мен жүзі тұтас құйылған. Сабы жалпақ, екі шетінде қанат тәрізді кеңейтілген ұштары

Кіреуке сауыт

Шайқастарда найза, қылыш, садақ сынды қарулардан қорғану үшін қолданылатын жарақ түрі. Пішімі қысқа жеңді жейде түрінде жасалып, түгелдей дөңгелек металл

Жебе ұштары

Төрт жебе ұшы — втулкалы (қынапты) түрге жатады. Барлығы металдан жасалған, пішіні жапырақ тәріздес, ортасында жүлгесі (қаттылық беретін қыр) бар.

Scroll to Top