Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тұрмыстық бұйымдар

Тұрмыста күнделікті пайдаланылатын заттар

Самаурын

Самаурын мыстан жасалып, қалайыланған. Дене бөлігі цилиндр пішінді. Тула өндірісіне жатады. Тұтқалары бедерлі өрнекпен безендірілген, төрт аяқты тіреуі құйма тәсілмен

Қобдиша

Ағаштан жасалған қобдиша, сүйек және мыс пластиналармен әшекейленген. Жоғары жағы «бір мүйіз», «ат бас» ою-өрнектерімен оюланған. Алдыңғы беті сүйек пластиналарымен,

Мыс құман

Мыс құман – қолға су құюға арналған, мыстан жасалған тұтқалы, қақпақты және шүмекті сопақша ыдыс. Қақпағы жоқ, табаны кең.

Қауақ

Асқабақтұқымдас қауақшадан жасалған ыдыс, лакпен сырланған. Ыдыс кептірілген асқабақтан оймалау техникасымен жасалған. Түсі қоңыр.

Тең

Тең — артық заттарды сақтау және кілемдерді, тоқыма бұйымдарын және төсек жабдықтарын тасымалдауға арналған бума. Тең «жүз теру» техникасымен мамықсыз

Тең

Тең – бұйымдарды тасуға арналған тоқыма бұйым. Тең төртбұрыш пішінді, беті әртүрлі өрнектермен өрнектелген. Оның жиектерінде байлауға арналған бау бар.

Ұршық

Ұршық — жүнді иіріп, жіп жасау үшін қолданылған. Қоңыр түсті ағаштан жасалған. Оның сабы ұзын, жеңіл, әрі қолда ыңғайлы етіп

Мүштік

Мүштік – темекі тартуға арналған, цилиндр пішінді керамикалық түтікше, сәл иілген және ұшында кеңейтілген бөлігі бар, түсі ақ.

Құманша

Денесі цилиндр пішінді, ұзын және қысқа жасыл сызықтар үлгісімен безендірілген. Қақпағы дөнгелек, жасыл түсті, шүмегі мен тұтқасы бар.

Scroll to Top