Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Металл

Металдардан (бағалы металдардан басқа) жасалған бұйымдар: темір, қола, мыс, жез және т.б.

Ат шалғы

Ауыл шаруашылығында шөп шабуға пайдаланған. 1920-30 жж. Ұлытау ауданы. Шығу тегі: 1989 ж. Жезді к. тұрғыны Т.Шамбулов сыйға берген.

Сымсуыр

Зергерлік әшекей-бұйымдарға сымдар дайындауға арналған құрал. ХХ ғ.басы Шығу тегі: 1992 ж. Жезді к. тұрғыны К.Жүсіпова сыйға берген.

Мыс құятын кіші шөміш

1928-1974 жж. Қарсақбай мыс заводында қолданыста болған. ХХ ғ. басы Шығу тегі: 1989 ж. Қарсақбай к. тұрғыны С.Бөрібаев сыйға берген

Жебе ұшы

3 қырлы үшкір жебе ұшы. Орта ғасыр. Шығу тегі: 1993 ж. Жезді к. тұрғыны, музей директоры М.Төрегелдин сыйға берген.

Динамомашина генераторы

XX ғасырдың басында ағылшындар әкелген және Байқоңыр көмір шахтасына электр қуатын беру үшін генератор ретінде пайдаланылған. 1909 ж. Шығу тегі:

Тік жонғыш әмбебап станок

Бөлшектерді бұрғылау мен фрезерлеуге пайдаланылған. «Hy dranlic» АҚШ-та шығарылған. Шығу тегі:1989 ж. Қарсақбай к. тұрғыны С.Бөрібаев сыйға берген. 1913-17 жж.

Паровоз.

Паровоз вагондарымен. Жезқазған-Қарсақбай-Байқоңыр тар табанды теміржолымен қатынаған алғашқы паровоздардың бірі. Материалы: шойын, темір. Өлшемі:биіктігі-2,9 м,ұзындығы-11 м,ені-3 м. Салмағы: 20 т.

Шам

1950-60-шы жж. Тән тұрмыстық зат. Жанармай құю арқылы қолданылады. Тыл еңбеккері Жанысбеков Диханбай Жанысбекұлы қолданған. Әйнегі бар.

Төсбелгі

Жетісулық айтыскер ақын Айтақын Бұлғақовқа берілген «Панфилов ауданының құрметті азаматы» медалі. Мерзімделуі: 2018 ж. Техникасы: зауыттық өнім Өлшемі: 5х4 см

Стақан сауыты

Денесі стакан тәрізді, жануарлар мен өсімдіктер әлемін бейнелейтін үш ашық бөліктен тұрады. Тұтқасының ұштарында бұйырлары бар. Мерзімі: Қытай, ХХ ғасырдың

Scroll to Top