Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Киім және кесте

Киім заттары, бас киімдер, аяқ киімдер, кестеленген бұйымдар

Қазақ жауынгерінің киімі

Жиде шалбарымен. Жиде мақпал матадан тігілген, шалбар қою қоңыр түсті мақпалдан тігілген балағы ою-өрнекпен безендірілген. Мерзімделуі: 2022 ж. Материалы: мата.

Тоқыма бұйым

Мойын орағыш (шарф), «Ken Jyloi» жазуы бар, ақ -күлгін түсті тоқыма бұйымы. Мерзімделуі: 2021 ж. Материалы: тоқыма жіп. Техникасы: қолдан

Шым ши

Шым ши – бетіне жіптерден ромбик тәрізді түрлі-түсті жіптерден өрнек тоқылған.

Көйлек

«SUSTAINIDENTITY» тоқыма матасынан жасалған бейнелеу өнері көрмесінің жұмысы. Авторы: Христесева Л. Күні: Швеция, 2015 ж. Техника: қолдан жасалған, крахмалданған.

Көйлек

Тік жағалы, күрең түсті барқыт матадан тігілген, киімнің жағасы мен етегі көгеріс өрнегімен кестеленген. Мерзімделуі: ХХІ ғ. Техникасы: тігу, кестелеу

Қазыбек бидің шапаны

Шапан ашық жасыл паршадан тігілген. Өн бойына құмыра, құс қанаты, өсімдік тектес өрнектер алтын, күміс жалатылған мыс жіптермен түскен, астарланған.

Қалыңдықтың киімі

Қалыңдықтың дәстүрлі той көйлегі. Мерзімделуі: ХХІ ғ. Техникасы: фабрикалық өнім.

Бас әшекейінің фрагменті

Қарақалпақ бас киім әшекейінің бөлшегі. Ол үш бөліктен тұрады: пішіннің жоғарғы және төменгі бөлігі сабақ түрінде, ортаңғы түзу кесінді өрнектері

Белдік

Белдік өңделген былғарыдан жасалып, бетіне ақық тасты 15 шытыра қондырылған. Техникасы: соғу, сіркелеу.

Scroll to Top