Сопақша қаптамасы бар әйел жүзігі
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
XIX ғасырға жататын әйел жүзігі 925 сынамалы күмістен жасалған, көлемді сопақша қаптамамен ерекшеленеді. Жүзіктің жоғарғы бөлігінің ортасында табиғи сердоликке ұқсас қоңыр түсті шыны қондырма бекітілген. Қаптаманың беті тұмар тәрізді күрделі өрнекпен безендіріліп, түйіршіктеу техникасында орындалған ұсақ дәндермен көмкерілген. Пластинканың жиектері қосымша өрнекпен және қорғаныш сипаттағы сәндік элементтер түзетін түйіршіктермен безендірілген. Жүзіктің бүйір қырларында тығыз геометриялық өрнек орналасқан. Бұйымды дайындауда дәнекерлеу, түйіршіктеу және қалыптау тәсілдері қолданылған.
Мерзімі: XIX ғасыр
Материалы: Күміс 925 сынамалы, шыны, металл
Техникасы: Дәнекерлеу, түйіршіктеу (дәнекер), қалыптау
Өлшемі: Пластинкасы - 5 × 4,1 см; қалыңдығы - 2,1 × 1,7 см; салмағы - 33 г