«Ветеран 310-й Новгородской стр. дивизии» медалі.
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Медальдың алдыңғы шенінде үш солдат бейнеленген. Ортасындағы солдат қолына желбіреген ту көтеріп тұр. Екі жағындағы тұрған жауынгерлердің қолдарында қарулары бар. Тудың тұсында 1941-1945 деген жыл жазылған. Медальдың жиектерінде айналдыра қызыл бояумен боялып жазылған 310 НОВГОРОДСКАЯ. ОРДЕНА ЛЕНИНА КРАСНОЗНАМЕННАЯ С.Д деген жазулары бар. Медаль тік төртбұрышты қызыл эмальмен боялған тағанға шығыршық арқылы жалғанған. Тағанның артында киімге бекітуге арналған түйреуіші бар.
Техника:
Құю
Тақырып:
Кеуде белгісі
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымданулары жоқ.