Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Малая медаль» ВСХВ медалі Н. Малгаждаровқа берілген. Медаль дөңгелек пішінді. Ортасында оң қолдарымен төгіліп тұрған бидай масақтарын көтеріп тұрған жұмысшы ер және әйел адамның бейнесі бейнеленген. Артқы фонда паравоздың бейнесі бар. Жиектерінде айналдыра всесоюзная сельскохозяйственная деген жазу және төменгі жерде ВЫСТАВКА деген жазу жазылған. Артқы жағында участнику всесоюзной сельскохозяйственной выставки деп жазылған. Ортасында трактордың бейнесі. Екі жақ жиектері бидай масақтары мен әрленген. Төменгі жағында айқасқан орақ пен балға бейнеленген. Медаль шығыршық арқылы жасыл түсті қатқыл лентамен қапталғантағанға жалғанған. Тағанның артында киімге қадауға арналған түйреуіші бар.
Сақталу жағдайы
Лентасы кірлеген, жалатпасы әр жерден түскен.