Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Тақыр кілем

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Оңтүстік Қазақстан. Көліне төрт самауыргүл өрнегі терілген, төрт суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл кілем. «Самауыргүл» өрнегінің ішіне шаршы, «жұлдызгүл» өрнегі салынған. Қолтықшаларына жасыл, көк түсті «сыңармүйіз» өрнегі үшкілдене өрнектелген. Кілемнің жиегіне айналдырыла иттабан, «қазмойын» өрнектерінен төрт қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына «қошқармүйіз» өрнегі салынған. Кенересі айнала түксіз тоқылып, екі шетіне желі жібінен шашақ шығарылған.

Мерзімделу кезеңі: ХХ в.
Материал: Жүн
Техника: Өрмек тоқу
Өлшемі: 182х283 см
Санат: Кілем-киіз бұйымдары
Scroll to Top