Түкті кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Қызылорда облысы. Көліне төрт самауыргүл өрнегі терілген, екі суы, бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл кілем. Самауыргүл өрнегінің ішіне «шаршы», «сыңармүйіз» өрнегі салынған. Қолтықшаларына жасыл, көк, сары түсті «сыңармүйіз», «төртқұлақ», «гүл» өрнектері үшкілдене өрнектелген. Көлінің жоғары жағына: «ҚАЙЫРБЕК» деген жазу тоқылған. Кілемнің жиегіне айналдырыла «иттабан» өрнегінен екі қатар су жүргізіліп, арасындағы қорғанына «керегекөз» өрнегі салынған. Кенересі айнала түксіз тоқылып, екі шетіне желі жібінен шашақ шығарылған.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Тақырып:
Кілем-киіз бұйымдары
Сақталу жағдайы
Түсі оңған