Құттықтау хат
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Жабал Ерғалиевке 50 жасқа толуына орай Қакимбек Салықовтың құттықтау хаты. Хат Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Ұлттық «Экология» академиясының академигі Қакимбек Салықовтың атынан жазылған. 2002 жылғы 6 желтоқсан. Хат тығыз қағаздан жасалған қос бүктемелі параққа типографиялық тәсілмен безендіріліп, ламинатталған. Мұқабасы шығыс өрнектері мен өсімдік тектес сәндік элементтерден құралған алтын түсті жиекпен көмкерілген. Жоғарғы бөлігінде алтын түсті әріптермен «Жабал Ерғалиев», оның астында «50 жаста» деген жазу орналасқан. Ашылған бетінің сол жақ бөлігінде, сондай-ақ алтын түсті өрнекті жиекпен көмкерілген Қ. Салықовтың фотосуреті орналастырылған. Фотосуреттің үстінде «Құттықтаймын!» деген жазу бар. Төменгі бөлігінде Қ. Салықовтың аты-жөні, байланыс деректері мен мекенжайы көрсетілген визиттік карточка бейнеленген.