Шойын үтік
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шоқпен жылытылатын, шойыннан жасалған үтік. Үтіктің табаны (түбі) жалпақ, ортасына дейін тікбұрышты пішінді, алдыңғы шетіне қарай тарылып келген.Үтіктің екі жанында екі және артында бір арка тәрізді желдеткіш тесіктері бар. Қақпағы артқа қарай ашылады, оның екі жағында тіс тәрізді тесіктері бар. Қақпақтың жоғарғы жағына жартылай сопақ ұстағыш бекітілген, оның үстінен жеңіл лактелген ағаш тұтқа орнатылған. Қақпақ корпусқа бекітіліп, көмір төгіліп кетпеу үшін, қақпақтың үстінен ысырмалы тұтқа бекітілген.
Материал:
Шойын
Техника:
Зерлеу, сіркелеу
Сақталу жағдайы
Тот басқан