Ағаш ожау
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Ағаштан жонылып жасалған ожау. Ожау басы диаметрі 13 см, тереңдігі 6 см болып дөңгелектеп ойылған. Басынан жалғасатын сабының ұзындығы 30 см, диаметрі 2 см. Сабының қолмен ұстайтын жағы сүйірленіп жонылып, өте ыңғайлы әрі жеңіл ұсталады. Осы ұштан басына қарай 10 см аралықта, астыңғы жағынан 1,5 см ұзындықта сабына жалғастыра ілгек тәрізді кертік жасалған. Бұл кертік ожаудың үлкен ыдысқа толықтай түсіп кетпей, ыдыс жиегіне ілініп тұруына арналған.Ожау басының қыры 6 см ұзындықта жарылған.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ в
Материал:
Ағаш, Металл
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
30х13х43 см
Санат:
Ағаш