Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Ер

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Ер. Ағаштан шабылып жасалған, алдыңғы және артқы қастары қапталға қиюластырыла бекітіліп, қайыс баулармен мықтап байланыстырылған. Алдыңғы және артқы қастары жұқа металмен қапталып, беті шекіме өрнектермен безендірілген. Алдыңғы қастың ортасында көз орны және оны айнала тастармен безендірілгені ізінен байқалады.Көздері түсіп қалған. Ер үстіне жүннен іштік салынып, сырты матамен қапталған. Матасы ескірген. Көрпеше темір түймелер арқылы қайыс баумен бекітілген.

Мерзімделу кезеңі: ХІХ в
Материал: Ағаш, Металл
Техника: Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі: h-33 см, l-30см, b-35 см
Санат: Ағаш
Scroll to Top