Бұрыш ұнтақтағыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұйым сопақ пішінде болып, негізгі бөлігі ағаштан жасалған. Жоғарғы жиегінің диаметрі 3 см, биіктігі 8 см, ал түбінің диаметрі 4 см. Ортасындағы айналмалы бөлігі металдан жасалып, тұтқасы темір бекіткіштермен бекітілген. Бұрыш ұнтақтағыштың жоғарғы, төменгі және ортаңғы бөліктерінде шеңбер тәрізді өрнектер салынған. Түсі сары. Мәліметтерге сәйкес, бұл бұрыш ұнтақтағышты белгілі ғалым, этнограф және зерттеуші Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың отбасы пайдаланған.
Материал:
Ағаш, Металл
Өлшемі:
Жоғарғы жиегінің диаметрі 3 см, биіктігі 8 см, түбінің диаметрі 4 см.
Санат:
Ағаш