Сандық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сандық. Киім-кешек, асыл маталар, алтын-күміс және тұрмыстық бұйымдар салуға арналған күнделікті қолданыстағы сандық. Негізгі қаңқасы 1 см қалыңдықтағы ағаш тақтайлардан құрастырылып, бұрыштары қиюластыра шегеленіп жасалған. Сыртқы беті сүйектен жұқалап кесілген, ұзындығы 10-12 см, жалпақтығы 1-2,5 см аралығындағы сүйек пластиналарымен толықтай қапталып, қазақы өрнекпен әшекейленген. Сүйек бөліктері бұрыштарын дәл қиюластырып, шегелеу әдісімен бекітілген. Қақпағы екі топсалы, темірден жасалған құлып орнатуға арналған ілекпен жабдықталған. Шеткі сүйек элементтері қажалып, кей жерлері сынған.
Мерзімделу кезеңі:
1983-84 г
Материал:
Ағаш, Металл, Сүйек
Техника:
Қолдан жасалған жұмыс
Өлшемі:
45х30 см длина-47,5 см, высота-21 см, ширина-34 см. Высота нижней части комода без учета крышки 16,5 см, высота крышки 4,5 см. Внутреняя ширина 30,5 см, длина 44 см
Санат:
Ағаш