Зергер көрігі - ұстаның шоқ үрлейтін құралы. Темір балқыту үшін көмірді қыздыра жандыруға қолданылады. Арнаулы формада құрастырылған екі қақпақтың арасына былғарыдан жел шықпастай жиырылмалы қаптар жасап, астыңғы қақпақтан қалбағай жапқыш бар желдеткіш тесік шығарады. Көріктің ішін кернеген жел оны басқанда ығысып, көріктің мойынына барып отты үрлейді. Зергер көрігінің түсі қызыл сары, ұзындығы -74см, ені 28,5см, қалыңдығы -5,8см.Артқы жағында орналасқан тұтқа арқылы жоғары көтеріліп ауы сорылады, көтергенде қалыңдығы -17см. Үстіңгі қақпақтағы домалақ тесігі бар
7 х 7см.Артында тұтқа -17,6см. Үстіңгі қақпақтың үстіне жиектеліп ағаш қақылған және де үстіңгі және астыңғы қақпақтарға жиектеліп қалпақ шегелер арқылы былғары қағылған.
Жоғары қақпағына үстіңгі жағына сүйектен ою салынған.
Қақпақ түстері -сары, тұтқамен жиектеліп қағылған ағаш түсі қызыл, жиектеліп қағылған былғары түсі қоңыр.