Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Рухты қазақ

Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі

Қалиев Нұрсұлтан Молдағұлы
Композицияның ортасында - бет-әлпетінде даралық белгілері жоқ, жинақталған жауынгер бейнесі бейнеленген. Оның басы сүйірленген, дулығаға ұқсас пішінде жасалған. Жауынгер аяқтарын кең қойып, берік әрі тұрақты қалыпта тұрғандай - табандары тірекке нық тірелген. Дене тұлғасы сәл алға еңкейіп, бұлшық еттері айқындалған, жалпы пішіні қырлы да қуатты, бұл ішкі күшті, ширығу мен зейінділікті аңғартады. Қолында ұзын семсер.
Материалы: тері, металл, ағаш.

Scroll to Top