«Panasonic» RN-202 диктофоны
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Белгілі журналист, жазушы Нүсіпбай Әбдірахымға тиесілі. Кәсіби қызметінде сұхбаттарды, әңгімелерді, баяндамаларды, жұмыс материалдарын және жеке жазбаларын дыбысқа жазу үшін пайдаланған. Ақпарат шағын кассетаға (микрокассетаға) жазылып, ауызша мәліметтерді жедел әрі ыңғайлы түрде тіркеуге мүмкіндік берген. Диктофонның корпусы қара түсті пластиктен жасалған. ХХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасырдың басында журналистер, жазушылар және шығармашылық сала өкілдері кеңінен қолданған портативті дыбыс жазу техникасының үлгісі болып табылады.
Мерзімделу кезеңі:
2000-е гг.
Материал:
Металл, Пластмасса
Техника:
Басқа, Зауыттық өнім
Өлшемі:
12х5 см
Санат:
Техника және аспаптар