Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Томаға

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Томаға - бүркіттің басына кигізілетін, екі көзін жауып тұратын былғары жабдық. Томаға құсты тыныштандыру, баптау кезінде және аңға салынбаған уақытта бірқалыпты отыруын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Сондай-ақ құсты жуындыру кезінде де киіледі.
Томаға басқа кигізілетін бөлігі шлем тәрізді пішінде жасалған. Төменгі жиегінде құстың тұмсығына арналған шығыңқы бөлігі бар. Тамағының төменгі жағында бекітуге арналған бауы орналасқан.
Бұйым бүркітті баптауға арналған дәстүрлі құсбегілік жабдықтарының бірі болып табылады. Томағаны Текелі қаласының тұрғыны Бүркітбай Файзоллаұлы тапсырған.

Мерзімделу кезеңі: 2000 г.
Материал: Былғары
Техника: Басқа
Өлшемі: 3х6х7 см
Санат: Этнография
Scroll to Top