Шекпен
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Шекпен - тысы ашық қоңыр түсті қолдан тоқылған түйе жүнінен, астары қара-көк шыттан тігілген ер адамның сырт киімі. Бидайына түйе жүні салынып, сырылған. Пішімі трапеция пошымды. Қайырма жағалы, қондырма жеңіне ұзыннан үш жерден қусырған. Жағасының ішкі бетіне, екі өңіріне сұр түсті матадан бұлық, жеңінің аузына қара түсті шибарқыттан әдіп салынған. Етегінің екі жанына үшкіл шабу салынған. Алдыңғы өңірі белден жоғары жағаға дейін қара жіппен бірнеше қатар етіп тіндеп тігілген. Екі жанында ойып салынған қалтасы бар. 1981 ж. Алматы обл., Ұйғыр ауд., Шонжы ауылының тұрғыны. Ж. Досқановадан (албан) алынған.
Мерзімделу кезеңі:
ХІХ ғ. соңы
Материал:
Мақта мата, Сатин
Техника:
Пішу, Тігу
Өлшемі:
Жалпы ұзындығы - 110 см, жең ұзындығы - 63 см, жеңінің ені - 20-31 см, екі иіннің аралығы - 49 см, етегінің шалғайы - 196 см, өңірінің ені (етегінде) - 50 см.
Санат:
Киім және кесте, Этнография