Ат жабу
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Атжабу - терме теру тәсілімен тоқылған алты қатар жолақтан құрастырылып, трапеция пішінді етіп жасалған қоңыр-ала түсті ат жабу. Жолақ беттерінде ақ, қоңыр түсті «тұмарша» өрнек тоқылған. Кенересі қара-көк түсті барқытпен көмкеріліп, «алақұрт» өрнекті шашақты таспа бау тігілген. 1984 ж. Алматы обл., Нарынқол ауд., Қарасаз ауылының тұрғыны Келдібекова Жалғастан алынған.
Мерзімделу кезеңі:
1930 ж.
Материал:
Барқыт, Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
Ұзындығы - 113, ені - 76-119 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары, Тұрмыстық бұйымдар, Этнография