Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Медаль

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

И. Сапарбайға берілген Қазақ Республикасының 100 жылдығы құрметіне, Алаш ұлттық идеясын насихаттауға және 2020-2021 жж. сайлау науқанында демократия қағидаттарын қорғауға қосқан үлесі үшін марапаттаған естелік медалі. Аверсінде Қазақ Республикасы картасының фонында салт атты, жоғарғы жағында латын әріптерімен «QAZAQ REPUBLIC 100» және «Alash» деген жазулар бедерленген. Реверсінде латын әріптерімен Алаш қайраткерлерінің есімдері, 1920-2020 деген сандар, төменгі жағында латын әріптерімен
«AQ JOL Demokratialyq Partiasy» деген жазулар бедерленген. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы, бір-бірімен ортасындағы шаңырақпен біріккен, қос лавр жапырағы тәрізді, күрделі пішінді тұғыры бар тікбұрышты тағанға бекітілген. Таған көк түсті қатқыл лентамен қапталған.

Мерзімделу кезеңі: 2021 ж.
Материал: Металл, Эмаль
Техника: Зауыттық өнім
Өлшемі: Диаметрі - 3 см, таған 4,8х3,3 см.
Санат: Марапат
Scroll to Top