Медаль
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
И.Сапарбайға берілген «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі. Аверсінде ішкі шеңбердің облыс картасының фонында «Жер-ана» монументі, сыртқы шеңбердің ішіне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» деген жазу мен төменгі жағында дәстүрлі ою-өрнек бедерленген. Реверсінде шеңбердің ішінде «Оңтүстік Қазақстан облысы» деген жазу мен дәстүрлі ою-өрнек бедерленген. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы муар лентамен қапталған тағанға жалғанады. Лентада 3 қызыл, екі көк жолақ жүргізілген. Ортасындағы қызыл жолақта ою-өрнек бейнеленген.
Мерзімделу кезеңі:
2012 ж.
Материал:
Металл, Эмаль
Техника:
Зауыттық өнім
Өлшемі:
Диаметр - 3,3 см, таған 4,6х3,2 см.
Санат:
Марапат