Оссуарий сопақша пішінді, көлденең бағытта созылып жасалған. Қақпағы күмбез тәрізді, жоғарғы жағында ұстауға ыңғайлы тұтқасы бар. Тұтқасында антропоморфты үлгіде жануардың түрі бейнеленген. Оссуарий табиғи қыштан қолмен жасалған және отқа күйдірілген. Беті толық тегіс емес, қолдан жасалғаны байқалады. Оссуарийдің алдыңғы беткі жағы және жиегі пішіндеу арқылы өрілген өрнекпен безендірілген. Өрнектің ортасына қиғаш сызықтар салынған. Мұндай өрнектер сол дәуірдегі эстетикалық түсініктер мен ырымдық-символикалық мәнге ие болуы мүмкін. Оссуарийдің ішінде сүйек қалдықтары сақталған. Оссуарий 1950-ші жылы Тараз қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған.
Мерзімделуі: VІ ғ. - VІІІ ғ.
Материалы: қыш
Өлшемі: 40 х 25 х 40 см.