Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Шақша

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

UUID: 69690c25dd9c26a11

Шақша - насыбай салатын ыдыс.
Мүйізден жасалған, пішіні цилиндр тәрізді, түбіне қарай кеңейтілген. Шақшаның беті металл дөңгелек тойтармалармен безендірілген. Шақшаның жоғарғы бөлігі шеті тісті металл жиекпен көмкерілген. Жиек керту техникасы арқылы жасалған геометриялық пішіндермен безендірілген. Шақшаның қабырғасында тығын бекітілген шынжыр бар. Ыдыстың түбінде иесінің аты-жөні «Мәселім Үмметұлы» деп ойып жазылған металл тілімше бар.
Мерзімі: ХIХ ғасырдың соңы
Материалы: сүйек, күміс.
Техникасы: ою, ойып салу.
Өлшемі: 10,1х7,1 см.

Scroll to Top