Механикалық қол майшайқағыш
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бұл жәдігер ХХ ғасырдың соңындағы кеңістік қала мен ауыл тұрғындарының тұрмыстық мәдениетін, техникалық дамуын және күнделікті өмірін сипаттайды. Дәстүрлі ағаш күбілердің орнын басқан бұл зауыттық құрылғы үй жағдайында мал өнімдерін (қаймақ, кілегей) өңдеуді айтарлықтай жеңілдетті және уақытты үнемдеді.
Жәдігер цилиндр пішінді, төменгі жағы сәл тартылған ашық сары (сарғыш-крем түсті) пластмасса корпустан тұрады. Корпустың жоғарғы бөлігінде деңгейді немесе өлшемді көрсететін тік сызықшалар (белгілер) бедерленген.
Құрылғының қақпағы бұралып жабылады, оның ішкі жағына кілегейді көпіршітуге және май шайқауға арналған арнайы айналмалы қалақшалар (пышақтар) бекітілген. Қақпақтың бүйір жағында редуктор механизмімен жалғасқан, қара пластик тұтқасы бар металл қол иінтірегі (ручка) орналасқан.
Мерзімі: ХХ ғасырдың II жартысы (1970-1980 жылдар), КСРО дәуірі.