Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Керме беті

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Өң беті түкті кілем тоқу тәсілімен тоқылған қызыл түсті керме. Орта тұсына үш қатар етіп аралары «сумен» ажыратылған зооморфты өрнек тоқылған. Жиегіне «тіс», «алақұрт», «аламоншақ», «ирек» өрнегінен тұратын бірнеше қатар «су» жүргізіліп, арасына ақ, қара-көк түсті зооморфты өрнектер алма кезек салынып айналдыра тоқылған. Екі шетіне қоңыр, қара-көк түсті жалпақ өрім жиек тігіліп, етегіне аталған түсті жүн жіптен ұзын шашақ шығарылған.
1984 ж. Алматы обл., Ұзынағаш стансасының тұрғыны Тұрсынбаева Зүбайраштан алынған.

Мерзімделу кезеңі: ХХ ғ.
Материал: Жүн
Техника: Тоқу
Өлшемі: 137х43 см, шашақ 55 см.
Санат: Тұрмыстық бұйымдар, Этнография
Scroll to Top