Алаша
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Терме алаша. Көп түсті (ақ, қызыл, сары, қара, сұр) жүн жіптерден «термелеу» тәсілімен тоқылған он қатар жолақтан құрастырылып, тігілген алаша. Жолақтар бойында «тышқанізі», «ирек» өрнектері өрнектелген. Екі жаны қара түсті мақта-матамен көмкерілген. Бір жақ жанына қабырғаға ілуге арналған алты бау тағылған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. 60-шы жылдары.
Материал:
Жүн, Мақта мата
Техника:
Өрмек тоқу, Тігу
Өлшемі:
190х294 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары, Этнография