Откройте для себя

богатую историю и культуру Казахстана

 

Адамның қаңқа сүйектері

Суреттер жүктелуде...

Сипаттама

Адамның қаңқа сүйектері. Бассүйектің формасы брахикранды болып келген. Жоғарғы жақ сүйегінің оң жақ квадрантында күрек, сол жағында екінші азу тістері жоқ. Ал төменгі жақ сүйегінде ит және күрек тістері жоқ. Барлығы 23 тісі бар. Тістердің эмаль қабатының қажалған баллдық көрсеткіші 2-3 баллды құрайды. Остеологиялық материалдардан 9 омыртқа, 6 қабырға, 2 жамбас, 1 құймышақ, 13 аяқ-қолдың ұзын сүйектері сақталған. Сүйектердің остеологиялық, антропологиялық өлшемдерінің көрсеткіштері өте үлкен. Сүйектердің көрсеткіштері адамның бойы 2 метрден артық екенін байқатады (200-215см.). Ал сүйектердің антропологиялық сипаттамалары 40-45 жасты көрсетеді. Бірақ бассүйектің краниологиялық көрсеткіштері, тістің эмаль қабатының баллдық анықтамасы жасы 20-25 шамасындағы ер адам екенін анықтайды. Археолог: А.Бейсенов.
Табылған орны: Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Едірей-3 моласы.

Мерзімделу кезеңі: б.э.д.VII-VI ғғ.
Материал: Сүйек
Өлшемі: Бассүйек: ұзындығы - 39 см, ені - 36 см, биіктігі - 19 см, төменгі жақ сүйек: ұзындығы - 15 см, биіктігі - 6 см, омыртқа: ені - 7-11 см, қабырға: ұзындығы - 21-45 см, жамбас: ұзындығы - 29 см, ені - 17 см, құйымшақ: ұзындығы - 8 см, ені - 12 см, аяқ-қол сүйектері: ұзындығы - 25-68 см.
Санат: Археология
Scroll to Top