Кілем
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
«Бескесте» кілем. Көліне тор көз етіп шаршы өрнегі терілген, екі суы бір қорғаны бар, екі шеті шашақты қызыл-қоңыр кілем. Шаршының ішіне бұрыштары қосмүйіз өрнегімен тұйықталған шаршы өрнегі салынған. Жиегіне ирексу өрнегінен екі қатар су жүргізіліп, арасына шаршы өрнегі айналдырылған. Екі шетіндегі жалпақ жолаққа тұмарша өрнегінен тұратын бес қатар су жүргізілген. Екі шетіне желі жібінен шашақ шығарылған.
Мерзімделу кезеңі:
ХХ ғ. 2-жартысы.
Материал:
Жүн
Техника:
Өрмек тоқу
Өлшемі:
200х370 см.
Санат:
Кілем-киіз бұйымдары, Этнография