Сандық
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Сандық - үй тұрмысында киім-кешек, тұрмыстық бұйымдар мен құнды заттарды сақтау үшін қолданылатын, қақпағы жоғары қарай ашылатын корпустық жиһаз түрі. Бұл бұйым қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінде үлкен маңызға ие болған, көбіне қыз жасауының құрамына кірген.
Аталмыш сандықтың алдыңғы бетінде ағашты ойып жасалған күрделі ұлттық ою-өрнектер бейнеленген. Оюлар симметриялы орналасқан және қазақтың дәстүрлі геометриялық және зооморфты мотивтерімен көмкерілген.
Сандықтың екі бүйірінде металлдан жасалған темір тұтқалар (мақтабарлар) бекітілген, олар оны оңай тасымалдауға арналған. Металдан жасалған бөліктер тек функционалдық емес, сонымен қатар эстетикалық безендіру қызметін де атқарады.
Бұйым ағашты ою, сүйірлеу және беткі жағын тегістеу әдістері арқылы дайындалған. Беткі қабаты жылтыратылып, табиғи өңі сақталған. Мұндай сандықтар ежелден қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылып келген, әрі ұлттық шеберліктің айғағы ретінде бағаланады.
Датировкасы: 2019 ж.
Өңірі: Қазақстан
Материалы: Ағаш, металл
Техникасы: Ою, сүйірлеу, тегістеу
Өлшемдері: 62 × 105 × 60 см
Қорға алынған уақыты:: 2019 ж.
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымданулары жоқ