Шешілмеген сұрақ. «Соңғы хаттар» сериясынан
Суреттер жүктелуде...
Сипаттама
Бейнеде КСРО-ның тарихи саяси тұлғалары - В. И. Ленин, И. В. Сталин және Л. Д. Троцкий бейнеленген. Артқы жоспардан Кремль сағаты, революционер-солдаттар көтеріп бара жатқан табыт және «Кто?..» атты басылым беті көрінеді. Композицияда кеңестік дәуірдің күрделі идеологиялық және тарихи мазмұны берілген. Бұл көріністер бір кезеңнің аяқталуы мен оның идеологиялық дағдарысын білдіретін символдық образдарға негізделген. Шығарма линогравюра техникасында орындалған - линолеум бетін ою арқылы жасалатын графикалық әдіс. Бұл техника кескіндер мен бейнелерге айқын контраст пен қатқыл реңк береді. Жұмыс - кеңестік саясаттың символикасы мен көркем сын сипатын біріктірген графикалық шығарма.
Датировкасы: 1989 ж.
Аймақ: Қазақстан
Материалы / техникасы: Линогравюра
Қабылданған уақыты: 1992 ж.
Сақталу жағдайы
Көлемді зақымданулары жоқ